Ол 51 келіде Сәкен Бибосыновтан жеңілді
Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Париж Олимпиадасына бара алмаған еді. Ол қазір әлеуметтік желіде белсенділігін арттырып, тіпті ақылы жарнама жасап жүрген көрінеді.
Жуырда оның Instagram-парақшасында ақылы жарнама жасайтны туралы ақпарат пайда болды. Ол өзінің фотосуретін жүктеп, «Жарнама бойынша WhatsApp-қа хабарласыңыздар» деген жазба қалдырды. Санжардың Instagram-парақшасында 182 мың жазылушы бар.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Кейін салмақ ауыстырып, 51 келіде Олимпиадаға барғысы келгенімен, Қазақстандағы іріктеуде Сәкен Бибосыновтан өте алмады.