Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан ҰОК Олимпиададағы бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді

02.08.2024, 01:29

Дегенмен, нақты қай боксшысының жекпе-жегінде төрелік еткен судьялар екені айтылмады

Қазақстан ҰОК Олимпиададағы бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінді. Бұл туралы ҰОК-тің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады.

Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты тексеру басталды.

Осы орайда, бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек. Ережеге сәйкес, аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам