Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Финалда аянып қалмаймын - Нұрбек Оралбай

04.08.2024, 16:50

Боксшы бапкерлердің жекпе-жекке жақсы тактика қойып бергенін атап өтті

Финалда аянып қалмаймын - Нұрбек Оралбай
ҰОК

Бокстан Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегін қысқаша қорытындылады. 

«Қарсыласым өте мықты. Бірінші айналымда Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңген. Ағайларым бұл жекпе-жекке жақсы тактика қойып берді. Соны толық орындап шықтым. Енді мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал, барымызды саламыз. Маған қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз. Екінші раундта  нокдаун болуы мүмкін дегендер бар. Нақты білмедім мұны. Әйтеуір, аянып қалғаным жоқ», - деді Нұрбек Оралбай. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта өткен жартылай финал жекпе-жегінде доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен ұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам