Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Умар Кремлев «еркекшора» боксшыдан жеңіліп қалған италиялық қызға $50 000 сыйақы береді

05.08.2024, 13:18

Париждегі Олимпиадаға қатысып жатқан екі боксшы қыздың жынысына қатысты сұрақ туындап отыр

Умар Кремлев «еркекшора» боксшыдан жеңіліп қалған италиялық қызға $50 000 сыйақы береді
Getty Images

Париж Олимпиадасында қыздар боксынынан 66 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен италиялық боксшы Анжела Кариниге IBA президенті Кмар Кремлев қаржылай сыйақы беретін болды. Ол алғашқы жекпе-жегінде алжирлік Иман Хелифпен жұдырықтасудан бас тартып, жеңіліп қалған еді.

Хелифтің басы осы жекпе-жектен кейін дауда қалды. Боксшылар да, жанкүйерлер де оны жынысын ауыстырған бұрынғы еркек деп айыптады. Каринидің онымен жұдырықтасудан бас тартуының себебі де сол. 

Оның үстіне, былтырғы әлем чемпионатына Иман Хелиф жіберілмеген болатын, өйткені ұйымдастырушылар оның гендерлік тесттен өте алмай қалғанын айтқан.

Осыған байланысты IBA президенті Умар Кремлев арнайы мәлімдеме жасап, Халықаралық Олимпиада комитетін айыптады. Айтуынша, ХОК қыздар боксының да тамырына балта шапқан.

«Мен олардың қыздар боксын неге жоқ қылғанын түсінбедім. Рингке ерлер боксында – еркектер, әйелдер боксында қыз балалар шығуы керек. Бұл ең алдымен олардың қауіпсіздігі үшін қажет. Каринидің көз жасын көріп жүрегім ауырды. Сондықтан алдағы уақытта осындай жағдайға тап болған әрбір боксшының құқығын қорғаумен айналысатын боламыз», - деді Кремлев.

Осылайша, IBA басшысы Анжела Кариниге 50 мың доллар сыйақы тағайындағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оның бапкеріне – 25 000 доллар, сондай-ақ бокс федерациясына тағы 25 000 доллар береді.

Еске салайық, Карини мен Хелиф Олимпиаданың 1/8 финалында кездесті. Алайда, екеуі рингте небәрі 46 секунд жұдырықтасып, Италия боксшысы жекпе-жекті одан әрі жалғастырудан бас тартты. Артынша ол қарсыласының соққылары ер адамның соққылары секілді ауыр екенін айтқан.

Иман Хелифиден бөлек бұл жарыста тағы бір боксшының жынысан қатысты дау туындаған. Ол – тайваньдық Линь Юйтин. Боксшы былтырғы әлем чемпионаты кезінде жарысқа қатыстырылмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам