Қайпановты финалда жеңген ресейлік балуанға үш пәтер және қомақты ақша сыйға берілді (ВИДЕО)

Финалда ол қазақ балуанын 10:4 есебімен жеңіп кеткен еді

United World Wrestling/Imago/ТАСС
United World Wrestling/Imago/ТАСС

Астанада өткен Әлем чемпионатының финалында қазақстандық Нұрқожа Қайпановтан басым түскен ресейлік балуанға өз отанында қомақты сыйақы берілді.

Еркін күрестен 74 келіде топ жарған Иналбек Шериевке туған жерінде 3 пәтер және ақшалай 3,5 млн рубль сыйақы тарту етілді. Бұдан бөлек, оның бапкерлеріне қомақты қаражат ұсынылған.

Ресейдің Кабардино-Балкария республикасында Иналбек Шериевті арнайы қарсы алған басшы Қазбек Коков Қазақстаннан табысты оралған балуанның жетістігіне жоғары баға беріп, оған сол сәтте сыйлықтарды тарту еткен. 

Айта кететін жайт, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалында Иналбек Шериевпен белдесіп, шешуші сәтте 4:10 есебімен жеңілген болатын. Осылайша, қазақстандық балуан өз мансабында әлем чемпионатының төртінші жүлдесін иеленді. Ол бұған дейін 70 келіде чемпион атанса, оған дейін күміс және қола жүлделерді иеленген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам