Ол 66 келіде Олимпиада чемпионы атанды
Олимпиада финалында алжирлік Иман Хелиф қытайлық Ян Люді жеңді.
Кездесу үш раундқа жалғасып, төрешілердің ортақ шешімімен Хелиф жеңімпаз танылды (30:27). Иман осылайша Ойындардағы алғашқы алтынын иеленді.
«Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді», - деді Иман Хелиф.
Хелиф тайваньдық боксшы Линь Юйтин секілді 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілген еді. Халықаралық бокс федерациясының мәліметінше, олар гендердік тестілеуден өте алмаған. Алайда ХОК екеуіне де Олимпиадаға қатысуға рұқсат берген.