“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Баходир Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпион атанып, мансабын аяқтады

11.08.2024, 02:57

Ол енді өз бағын кәсіпқой бокста сынап көреді

Баходир Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпион атанып, мансабын аяқтады
olympics.com

Париж Олимпиадасында бокс бәсекесі аяқталды. Соңғы болып ерлер арасындағы аса ауыр салмақтағы жеңімпаз анықталды.

Өзбекстандық Баходир Жалолов финалда Испания боксшысы Айюб Гадбаны айқын басымдықпен жеңді. Бірінші раундта төреші Гадбаға екі нокдаун да ашты.

Осылайша, Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Жекпе-жектен кейін спортшы әуесқой бокстағы карьерасын аяқтайтынын мәлім етті. Ол жейдесін шешіп, енді кәсіпқой бокста әлем чемпионы атануға сөз берді.

Өзбекстан бокстан Парижде жеті салмақта бесеуінде топ жарды. Бүгін Баходирден бөлек, 57 келіде сынға түскен Абдумалик Халоков та жеңіске жетті. Финалда ол қырғыз боксшысын жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам