“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Жәнібекпен төбелескім келеді»: америкалық боксшы Qazaq Style-ды жекпе-жекке шақырды

13.08.2024, 11:19

Ол бұған дейін көптеген ТОП боксшымен спарринг өткізген

«Жәнібекпен төбелескім келеді»: америкалық боксшы Qazaq Style-ды жекпе-жекке шақырды
Erick W. Rasco/Getty Images

Америкалық кәсіпқой боксшы Чордейл Букер (23-1, 11 КО) орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақ Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Ең алдымен Остин Уильямспен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс үшін кегімді алғым келеді. Алғашқы кездесуде мен бабымда болмадым, сондықтан реванш керек. Ал, егер жекпе-жек бермесе қайғырмаймын. Ондай жағдайда чемпиондардың соңына түсем. Эрисланди Лара, Карлос Адамес және Жәнібек Әлімханұлымен төбелескім келеді.

Мен мықты боксшылармен рингке шығатындай қауқарлымын. Бұған дейін Джарон Эннис, Дэнни Джейкобс, Шакур Стивенсон, Джарретт Херд, Джулиан Уильямс, Шон Портер, Деметриус Андраде, Джош Тейлор сынды ТОП боксшылармен спарринг өткізгенмін, әуесқойда жүргенде Эдгар Берлангты тіпті жеңіп те кеттім», - деді Чордейл Boxing News-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биыл 14 шілдеде жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда, салмақ қуу кезде ол талып қалып, ауруханадан бір-ақ шықты. Салдарынан жекпе-жек өтпейтін болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам