“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

19.08.2024, 01:01

Оның Мырзағали Айтжановтың артынан кететіні туралы ақпарат тараған болатын

Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кетпейді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде даңқты боксшының бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге кететіні туралы ақпарат тарап кеткен болатын.

«Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді?! Мынау сөз – жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейін, Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Қазақстан бокс федерациясы бас бапкер Мырзағали Айтжановты бүкіл бапкерлік штабпен бірге отставкаға жіберген болатын. Ал, Айтжанов – Бибосыновтың жеке бапкері.

Париж Олимпиадасында Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Дусматов Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанып, Өзбекстанның бокс тарихында бұл жетістікке жеткен алғашқы спортшы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам