Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Шойынбалға»: өзбекстандық бапкер этникалық қазақ боксшысы туралы айтты

18.08.2024, 12:55

Ол 2020 жылы Қазақстанда қоныс аудармақ болған

«Шойынбалға»: өзбекстандық бапкер этникалық қазақ боксшысы туралы айтты
Өзбекстан ҰОК

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Киличев «Студия бокса Виктора Ялымова» Youtube-арнасына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысатын этникалық қазақ Руслан Абдуллаев жайлы пікір білдірді.

Еске салсақ, Абдуллаев Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ширек финалда канадалық боксшыдан жеңіліп қалған болатын.

«Руслан — соққылары мығым, шойынбалға секілді боксшы! Қолдары алтын. Егер ол кәсіпқой боксқа дұрыстап дайындалса, онда барлық атақты оп-оңай алатынына күмән жоқ. Он айқастан соң-ақ ол төрт чемпиондық атаққа қол жеткізеді. Мен мұны оның бапкері, бұрыннан білетін адам ретінде айтып отырмын. Кәсіпқой бокс қолғабын кисе, бәрін тас-талқан ететіні анық», — деді Киличев.

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2020 жылы Қазақстанға көшіп келмек болған. Алайда, бұл әрекеті жүзеге аспады. Ал 2023 жылы ол бокстан әлем чемпионы атанды. 2022 жылы Азия чемпионы болған. Париж Олимпиадасында медальсіз қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам