Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Прессаны сотқа берем»: қыз зорлады деп күдікке ілінген Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

21.08.2024, 11:50

Қылмыстық іс Әуезов аудандық полиция басқармасында тіркелгені бұған дейін айтылған

«Прессаны сотқа берем»: қыз зорлады деп күдікке ілінген Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады
instagram.com/zhankoshturarov/

Кәсіпқой боксшы, алғашқы жартылай орта салмақта IBO чемпиондық титулының иегері Жанқош Тұраров БАҚ-ты сотқа беретінін мәлімдеді. Бұған дейін отандық ақпараттық агенттіктер боксшының қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазған болатын.

Тұраровтың сөзінше, бұл ақпарат – жалған, шындыққа сай келмейді. Ал, оны бірінші болып таратқандармен ол заң тұрғысында «сөйлесетінін» айтып отыр.

«Таңертеңнен бері миллион хабарлама түсіп жатыр. Өзім таң қалып отырмын және бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаймын. Жала жабылып отыр. Ал, осы жалған ақпаратты таратқан прессаны сотқа беремін», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, боксшы төсектес болатын қызға мұқтаж емес екенін де мәлімдеді.

«3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім түсінбей отырмын», - деді ол.

Айта кетейік, Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық істің қозғалғанын Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы да растаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам