Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Астана әкімі Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігін сыйлады

21.08.2024, 18:52

Оның бапкеріне ақшалай сыйлық берілді

Астана әкімі Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігін сыйлады
Астана қалалық әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық табыстады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Боксшыға қымбат көлік кілті табысталса, жеке бапкері Асқар Еркебаевқа қаржылай сыйлық берілген.

«Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін» – деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – Париж Олимпиадасында Қазақстанның ерлер құрамасы сапынан медаль алған жалғыз боксшы. Ол финалда украиналық Александр Хижняктан жеңілген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам