Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Әрдайым біргемін»: Сәкен Бибосынов құрамадан бапкері кеткен соң не істейтінін айтты

23.08.2024, 15:36

Боксшы Мырзағали Айтжановтың еңбегін ешкім жоққа шығара алмайтынын айтты

«Әрдайым біргемін»: Сәкен Бибосынов құрамадан бапкері кеткен соң не істейтінін айтты
ҰОК

Париж Олимпиадасында ширек финалда жеңілген Сәкен Бибосынов спорттық мансабын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Olympic.kz-ке берген сұхбатында айтқан.

Таяуда бас бапкер болған Мырзағали Айтжанов қызметінен кететін болған соң боксшы құрамадан кететіні туралы қауесет тараған еді. Бірақ боксшы бұл деректі жоққа шығарды.

«Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді. Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін. Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін», - деді Сәкен Бибосынов.

Сәкен Бибосынов экс-бас бапкер Мырзағали Айтжановтың қарамағында жаттығады. Спортшы бұған дейін Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанса, 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді. Сондай-ақ, 2021 жылы әлем чемпионы болды. Спортшы Париж Олимпиадасында өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа ширек финалда есе жіберген болатын. Кейін Өзбекстан боксшысы Париж Олимпиадасында чемпион атанды. Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы әрі әлем біріншілігінің қола жүлдегері (2021,2019), Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2020).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам