Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Құрамадан кеткенде тынышталып қалдық»: Назым Қызайбай Ангелина Лукас туралы

28.08.2024, 16:32

Қос боксшы ұзақ жыл бойы бір-біріне қарсылас болған

«Құрамадан кеткенде тынышталып қалдық»: Назым Қызайбай Ангелина Лукас туралы
olympic.kz

Париж Олимпиадасында бокстан қола жүлдегер атанған Назым Қызайбай Ангелина Лукасқа қатысты пікір білдірді. Ол өзінің бір салмақтағы қарсыласымен арадағы байланысының қалай аяқталғанын атады.

Stan.kz тілшісіне берген сұхбат кезінде Қызайбай Лукаспен арадағы даудың қалай басылғанын, өзі кері әсер еткен жағдайдан арылу кезінде қандай қиыншылықтарға тап болғанын тәптіштеп айтып берді.

«Лукаспен арадағы кикілжің әлемдік пандемия елімізде белең алған кезде басталды. Сол жағдайды түсінбей, ойланып, қатты уайымдадым. Не болып жатқанын ұқпадым. Ол ойдан неше түрлі құрастырып айтып жүрді. Кейін оған мән бермеуге тырыстым. Бас бапкерлер де басқа адамдар болды. Істемеген нәрсемді дәлелдеуге тура келді. Сол жағдай менің мазамды алды. Кейін барлығын анық түсіндім. Тек оған мән бермей, өзімнің жаттығуымды жалғастырайын деп шештім. Өздері (Ангелина Лукас – ред.) шу көтеретін.

Ол құраманың ішкі жағдайына кері әсерін тигізді. Үнемі жағымсыз әсерде жүрдік. Барлығымыз оқу-жаттығу жиындарына жақсы көңіл күйде келгенімізбен, бір адам үшін атмосфера басқаша болады. Кейін Лукас құрамадан кетті. Содан кейін барлығы тынышталды.

Ол менен кейін де басқа спортшыларға тиісе бастады. Сондай адамдар болады екен. Шу шығару арқылы ол өзінің атын шығарып алды. Интернеттен іздесеңіздер барлық жерде ол туралы дерек бар. Атың шықпаса жер өрте дейді ғой. Сондай қадамға барып, ол өзінің жолын таңдады», - деді Назым Қызайбай.

Назым Қызайбай Ангелина Лукастың ерекше қабілетіне де тоқталды. Оның сөзінше, шу шығару кезінде Лукас кез келген адамды өзіне сендіре білген көрінеді.

«Ол ойдан шығарған әңгімесін сендіріп, образға еніп айтатын. Оған киноға түсуге болады. Оған менің өзім де сеніп қала жаздайтынмын деп әзілдеймін. Қазір оған ренішім жоқ. Бүгінде Лукас кәсіпқой бокста жүр», - деді Назым Қызайбай.

Қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасында 50 келі салмақта жұдырықтасып, жартылай финалға дейін жетті. Отандасымыз финалға шығар сында Қытай боксшысына төрешілер шешімі бойынша есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам