Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ангелина Лукас: Қытайда қарсыласымның жағын сындырдым

30.08.2024, 12:31

Ол келесі жекпе-жегінің аса маңызды болатынын жарнамалады

Ангелина Лукас: Қытайда қарсыласымның жағын сындырдым
instagram.com/angelina_lukas1997

Жиі жекпе-жекке шығатын қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас  (10-1, 5 КО) Қытайда өткен бокс кешінде Таиланд өкілі Пимчанок Тепжанды (9-6, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл оның кәсіпқой рингтегі 12-ші кездесуі. Оның 11-інде жеңіске жеткен.

«Мен Қытайда 11-ші жеңісімді тойладым. Бірінші раундта қарсыласымды нокдаунға жібердім. Екінші кезеңде шабуылға шықтым. Осыдан кейін ол жек-жектен бас тартты. Өйткені жарақат алды. Мен қарсыласымның жағын сындырыппым», - дейді Ангелина Лукас.

Жалпы, 27 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі қарсыластарының деңгейіне жиі сын айтылады. Десе де, ол келесі жекпе-жегінің аса маңызды болатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Лукас WIBF, WBC international, UBO International, WBF, UBO World титулдарының иегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам