Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Сәтсіздікке ұшыраған Жәнібек Әлімханұлы арманынан бас тартпайтынын мәлімдеді

06.09.2024, 09:12

Ол салмақ қуу кезінде болған оқиғадан кейін де чемпион болуды көздеп отыр

Сәтсіздікке ұшыраған Жәнібек Әлімханұлы арманынан бас тартпайтынын мәлімдеді
vesti.kz

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында «абсолютті чемпион» болуды мақсат етіп отырғанын айтты.

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Маған төрт белбеу керек! Мен оларды түгел жинаймын! ИншаАлла!», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, орта салмақтағы WBC титулына доминикандық Карлос Адамес ие, ал WBA нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Жәнібек Әлімханұлы өткен жылдың қазан айынан бері рингке шықпаған. Сол кезде ол неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді мерзімінен бұрын жеңіп, WBO және IBF титулдарын қоржынға салған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 52
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам