“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Садриддин Ахмедов әлде Данияр Елеусінов? Қазақтың келесі әлем чемпионы кім?

12.09.2024, 09:53

Кәсіпқой бокстағы негізгі төрт чемпиондық белбеу – IBF, WBA, WBO және WBC

Садриддин Ахмедов әлде Данияр Елеусінов? Қазақтың келесі әлем чемпионы кім?
Vesti.kz

Кәсіпқой бокста дәл қазір бір ғана қазақ боксшысында әлем чемпионы деген атақ бар, ол – Жәнібек Әлімханұлы. WBO/IBF чемпиондық титулдарының иесі бір айдан кейін осы белбеулерін қорғайды.

Ал, «неКАРАтэ» YouTube-каналында қазақтан шығатын келесі әлем чемпионы кім деген сұраққа жауап іздеді. Канал авторының пікірінше, чемпиондық белбеуге бірінші болып Данияр Елеусінов қол жеткізуі мүмкін. Ал, кәсіпқой рингте жүрген өзге боксшыларымыз әлі көп еңбек етуі керек.

«Батыр Жүкембаев мықты жігіт. Бірақ, чемпиондық деңгейдегі боксшы емес. Иә, ол – ТОП. Бірақ әлем чемпионы бола ма, жоқ па, нақты айта алмаймын. Ал, Елеусінов болады. Мен сенімдімін. Садриддин Ахмедов, Али Ахмедов дегендер де бар. Бірақ, оларға көп еңбектену керек: физикалық тұрғыдан да, техника тұрғысынан да», - деді ресейлік канал авторы.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 1 қыркүйекте АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, жергілікті боксшыны нокаутпен жеңді. Ал, Данияр Елеусінов болса 28 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам