“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына қатысады

13.09.2024, 15:04

Чемпионатқа баратын боксшылар іріктеу турнирінде бақ сынайды

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына қатысады
ҰОК

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасынан кейін ірі турнирде бақ сынайды. Қайрат Сәтжанов басқаратын команда қараша айында Иорданияда өтетін Азия біріншілігінде сынға түспек.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылардың есімі белгісіз екенін атап өтті.

"Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз", - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Тамыз айында Олимпиададағы сәтсіздіктен соң бокстан ұлттық құрамада өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. Ол осымен бас бапкерлікке екінші рет бекітіліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам