“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Шымкентте Кеңес Одағының батырын еске алуға арналған бокс турнирі өтеді

13.09.2024, 10:55

Осы турнирде Иорданияда өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылар іріктеледі

Шымкентте Кеңес Одағының батырын еске алуға арналған бокс турнирі өтеді
ҰОК

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған ерлер арасында халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден жүзден аса боксшы қатысады деп күтілуде.

Осымен 43-рет өтетін беделді бәсекенің Қазақстан боксшылары үшін биыл орны бөлек болмақ. Себебі, дәл осы шаршы алаңда қараша айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына құрам іріктеледі.

Жарысқа кез келген аймақтан, кез келген боксшы қатыса алады. Яғни, бұл – Ашық турнир. 18 жастан асқан спортшылар ұйымдастыру комитетіне өтініш жолдауы тиіс. Өтініштер 25 қыркүйекке дейін қабылданады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам