Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақтар өздері бізге қалай көмектескенін түсінбей қалды – Өзбекстан бокс федерациясының өкілі

16.09.2024, 09:10

Қос ел боксшылары бір-бірімен жиі тәжірибе алмасады

Қазақтар өздері бізге қалай көмектескенін түсінбей қалды – Өзбекстан бокс федерациясының өкілі
AP

Париж Олимпиадасында бес алтын алған Өзбекстан құрамасының тасы өрге домалап тұр. Осындай үлкен жетістікке қарамастан чемпион болған боксшылар той-жиынды жиыстырып қойып, жаттығуға ерте кірісіп кеткен.

Ал, Өзбекстан бокс федерациясының бас маманы Сардор Ташходжаев қазақстандық қарсыластармен бәсекелесудің маңыздылығы туралы айтты.

«Біздің қазақ боксымен ұқсастығымыз көп, өйткені екі ел көршілес орналасқан. Бір-бірімізбен көп тәжірибе алмасамыз. Қазақстан – үлкен мемлекет. Әрбір қаласында бокс секциясы бар. Сондықтан турнирлер жиі өткізіледі. Ұйымдастырған жарыстарынан қалмай баратын бірінші ел – біз. Өйткені жол шығыны арзан, ал бокс деңгейі Қазақстанда жоғары. Мұның бәрі Өзбекстан боксының дамуына ықпал етті. Бәсекелестіктің арқасында өзбек боксы көтерілді. Қазақтар өздері бізге қалай көмектескенін түсінбей қалды», - дейді Сардор Ташходжаев Sports.ru басылымына берген сұхбатында.

Ресейлік басылым, өз кезегінде соңғы екі Олимпиадада Қазақстан 1 күміс, үш қола медаль алғанын, ал Өзбекстан бокстан алты алтынға қол жеткізгенін санамалап шыққан. Өзбекстан Олимпиада чемпиондарының саны жөнінен де Қазақстаннан басып озды.

Парижде Хасанбой Дусматов (51 келі), Абдумалик Халоков (57 келі), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 келі), Лазизбек Муллажонов (92) және Баходир Джалолов (92+) чемпион атанды.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам