Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Ешқашан жеңілмеген әлемнің ең үздік боксшысы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды

16.09.2024, 10:37

Жекпе-жек Сауд Арабиясында өтуі мүмкін

Ешқашан жеңілмеген әлемнің ең үздік боксшысы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды
instagram.com/tbudcrawford/

Кәсіпқой бокста мүлдем жеңіліп көрмеген америкалық даңқты боксшы Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (62-2-2, 39 КО) жекпе-жекке шақырды.

Күні кеше «Канело» кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын. Пуэрторикалық Эдгар Берлангамен (22-1, 17 КО) жұдырықтасқан Альварес қарсыласынан күмәнсіз басым түсті.

Осы жекпе-жекке қонақ ретінде келген Теренс Кроуфорд Сауд Арабиясының ойын-сауық істері бойынша бас басқармасының басшысы Турки Әл аш-Шейхке үндеу жолдады.

«Турки, мен келесі жекпе-жекте Канеломен кездесетінімді айтшы», - деді Кроуфорд осы кешке келген араб шенеунігіне.

«Иә, келістік! Канело, алға! Біз дайынбыз», - деді Турки Әл аш-Шейх.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд соңғы жекпе-жегінде өзбек Мадримовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Ол алғашқы жартылай орта салмақта және жартылай орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған. Қазір алғашқы орта салмақта өнер көрсетіп жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам