Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды

16.09.2024, 18:09

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеме жасады

Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды
ҰОК

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында танымал қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді. 

"Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ.

48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. 

Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз.

Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар", - деді бапкер. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам