Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Ресейлік танымал блогер қазақстандық боксшы қыздың сұлулығына тамсанды (ВИДЕО)

06.12.2023, 22:59

Балауса Мұздыман әуесқой және кәсіпқой бокстан әлемді бағындыруды көздеп отыр

Ресейлік танымал блогер қазақстандық боксшы қыздың сұлулығына тамсанды (ВИДЕО)
instagram.com/muzdi_______/

Ресейдің танымал блогері Иван Червинский өзінің Instagram-парақшасында қазақтың боксшы қызы Балауса Мұздыман туралы видеоролик жариялады.

Балаусаның сұлулығы мен қайсарлығына тамсанған ол боксшының туған ауылы, ата-анасы мен алға қойған мақсаты туралы баяндаған.

«Бүгінгі кейіпкеріміз – Балаусы Мұздыман. Ауылдан шыққан қарапайым қыз небәрі бір жылда Қазақстандағы ең танымал боксшыларының біріне айналды.

Балауса Ақши ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ол ұлдармен де төбелескендіктен, әкесі бокс үйірмесіне беріпті. Бойына сыймай тасыған энергиясын шығарсын десе керек…

Осындай қызуқанды мігезіне қарамастан Балауса мектепті алтын медальмен бітірген. Хирург болуды армандағанымен, маңдайына боксшы болу жазылыпты.

Ол қазір Қазақстан құрамасына кіріп, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барудан бірден-бір үміткер. Сондай-ақ, кәсіпқой бокстан да абсолютті чемпион болуға барлық мүмкіндігі бар.

Бір сөзбен айтқанда, сұлулығымен де, білегінің күшімен де көпшілікті тамсандырған бойжеткен. Ең бастысы, өзінің ауылы Ақшиді бүкіл әлемге танытып келеді.

«Алға, Балауса, алға, Қазақстан», - дейді Червинский.

Айта кетейік, 10 желтоқсанда Балауса Мұздыман Алматыда Египет боксшысы Мариям Габермен жұдырықтасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам