Жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа есептелтелген
15 желтоқсанда Астанада кәсіпқой бокс кеші өтетін болды. Аталған додада 8 жұптың арасында жекпе-жек ұйымдастырылғалы отыр. Олардың арасында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнулин, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Данияр Елеусінов, Бекзат Нұрдәулетов және Нұрбек Оралбай бар.
Қазіргі уақытта Ұлттық құрама боксшылары 4-16 желтоқсан аралығында Қарағандыда өтіп жатқан ұлттық құраманың Кубамен бірлескен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Ал 15 желтоқсанда отандық былғары қолғап шеберлері өз әлеуеттерін кезекті рет кәсіпқой бокс кешінде сынап көрмек.
51 келіде Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Ножиржан Мырзахметовпен, 57 келіде Махмұд Сабырхан Куба боксшысы Освалдо Диазбен, 63,5 келіде Ертуған Зейнулин сербиялық Павел Федоровпен, 67 келіде Дулат Бекбауов Ресей спортшысы Агрба Харитонмен, 71 келіде Асланбек Шымбергенов кубалық Жорге Куэлармен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, 80 келіде Бекзат Нұрдәулетов Ресей боксшысы Никита Зонмен және Нұрбек Оралбай нидерландтық Градус Крауспен өзара мықтыны анықтайды.
Бұл тізімнің қатарында Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов те бары белгілі. Алайда оның қарсыласы әзірге бекітілмеген. Егер жарысқа дейін шаршы алаңда сынға түсетін боксшы анықталса, 15 желтоқсанда Елеусінов IBA PRO SERIES аясында өнер көрсетеді деп күтіліп отыр.
Сондай-ақ, жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа есептелтелген.