Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Шымбергенов пен Қоңқабаев ұлттық құрама сапында маңызды турнирге қатыса алмайды

19.09.2024, 17:02

Боксшылар жаттығу жиынынан тыс қалған

Шымбергенов пен Қоңқабаев ұлттық құрама сапында маңызды турнирге қатыса алмайды
ҰОК

Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирге Қазақстаннан төрт құрама қатысады. Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары арасынан Асланбек Шымбергеновтен басқалары түгел жиналмақ. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Рауан Игенев olympic.kz-ке берген сұхбатында айтты.

«Асланбек Шымбергенов осы жаттығу жиынына денсаулығына байланысты қатыса алмады. Сондықтан, Әбдәлиев турниріне де үлгермейтін шығар. Қазақстан біріншілігіне қарай дайын болады деген ойымыз  бар.  Ол мансабына қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сол себепті, Шымбергенов ұлттық құрамада қалатынын айтқым келеді. 

Сондай-ақ, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) да бұл турнирден сырт қалады. 

71 келіде кәсіби бокстағы өкіліміз Абылайхан Жүсіпов құрамаға қайта оралды. Спортшымыз  бұл турнирге қарқынды дайындалуда. Жақында команда капитаны болып сайланған Айбек Оралбай аса ауыр салмаққа  ауысты. Айбекті осы салмаққа бейімдей берсек деген ойымыз бар. 

Махмұд  Сабырхан 54 келіде, Сәкен Бибосынов 51 келіде жұдырықтасады. Әлем чемпионатынан кейін көп жарыстан сырт қалған Санжар Тәшкенбай да сапта. Қазақстан командасының  төртінші құрамына дейін бұл жарыста бақ  сынайды. Алғашқы екі орын иеленгендер әрі қарай жаттығу жиындарына қатысып, содан соң Азия біріншілігіне баратын құрамды жасақтаймыз. Бізге Азия чемпионатына қатысқан соң, тек жеңіске жету керек», - деді Игенев. 

Қарақозы Әбдәлиевті еске  алуға арналған турнир 29 қыркүйек-5 қазан аралығында Шымкент қаласында өтеді. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам