Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Әркім өз ісімен айналысуы керек»: Баходир Жалолов неге депутат болмайтынын түсіндірді

19.09.2024, 12:37

Қазақстанда даңқты спортшылардың билікке араласуы қалыпты жағдай

«Әркім өз ісімен айналысуы керек»: Баходир Жалолов неге депутат болмайтынын түсіндірді
скрин YouTube

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов неліктен шенеунік, не депутат болмайтынын түсіндірді.

Қазақстандық журналист Нұрсейіт Жылқышыбай “Уақыт көрсетеді” YouTube-жобасында одан депутат болуға ұсыныс түскен-түспегенін сұраған.

«Әркім өз ісімен айналысқаны дұрыс, мен спортшымын. Біз депутат бола да алмаймыз, неден бастау керектігін де білмейміз. Әрине, бәрін үйренуге болады, бірақ біздің спортшы екеніміз білініп тұрады. Бәріміз бір мақсат жолында еңбек етеміз, бірақ әркім білетін саласы арқылы елінің дамуына үлес қоса алады. Мен спортшы болсам, осы спорт арқылы Өзбекстанды әлемге танытамын. Білетін, түсінетін адам депутат бола берсін. Біз спортта қала берейік», - деді Жалолов.

Оның айтуынша, Өзбекстанда даңқты спортшылар билікке ұмтылмайды. Қазірдің өзінде шенділер арасында бұрынғы танымал спортшылар жоқ екен.

«Әзірге ондай адам жоқ. Әкім болу да оңай емес, ол бүтін бір өңірдің, мейлі ауылдың болсын проблемасын шешуі қажет. Ол – президенттің, халықтың сенім артқан өкілі. Өте жауапты іс, ал бұл жұмысты біз лайықты дәрежеде атқара алмауымыз мүмкін. Сол үшін де әркім өз білетін саласымен айналысқаны дұрыс», - деді Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Қазақстанда жағдай сәл басқаша. Дәл қазірдің өзінде Мәжілісте Дәулет Тұрлыханов, Ардақ Назаров секілді экс-спортшылар бар. Бұған дейін Серік Сәпиев пен Ольга Шишигина, Серік Қонақпаев та Парламентте депутат болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам