Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ұзақ үзілістен кейін рингке оралған Садриддин Ахмедов WBC рейтингіне ілікті

20.09.2024, 10:49

Келесі жекпе-жегін жерлесіміз 13 желтоқсанда өткізбекші

Ұзақ үзілістен кейін рингке оралған Садриддин Ахмедов WBC рейтингіне ілікті
Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов WBC рейтингіне қосылды. Жуырда ғана ол АҚШ-та дебюттік жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Садриддин ұзақ үзілістен кейін биыл 31 тамызда рингке оралды. Ол Санта-Инез қаласында (Калифорния штаты) өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Антонио Тоддпен (17-11, 9 КО) жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Сарапшылар Ахмедовтің қарсыласы тым әлсіз болды сын айтқанымен, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) оны өз рейтингіне қосты. Аталған тізімде қазақстандық боксшы 30-шы болып тұр. Ал чемпиондық белбеу америкалық Себастьяс Фундораға тиесілі. Рейтингтің алғашқы үштігінде Эррол Спенс (АҚШ), Сергей Богачук (Украина) және Исраил Мадримов (Өзбекстан) тұр.

Алдын ала болжам бойынша, Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегі 13 желтоқсанда тағы сол Санта-Инез қаласында өтеді. Әзірге қарсыласы анықталмаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам