Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Менмендігі жоқ, өте жақсы адам»: Өзбектің бас бапкері Айтжановпен қарым-қатынасы туралы айтты

20.09.2024, 12:16

Өзбек маманы Айтжановтың өзіне айтқан ағалық кеңесін еске түсірді

«Менмендігі жоқ, өте жақсы адам»: Өзбектің бас бапкері Айтжановпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мамуржон Обрахматов / «Газета.uz»

Өзбекстанның бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Мырзағали Айтжановпен қалай араласатыны туралы айтты.

«Спорт министрі» арнасына берген сұхбатында өзбек маманы Қазақстанға келген сайын ұлттық құраманың бұрынғы бапкеріне бірден телефон шалатынын алға тартты.

«Мырзағали ағаның менмендігі жоқ, өте жақсы адам. «Көке» деп барған адамның сәлемін алады. Өзбекстан құрамасы Ақтау, Алматы, Астанада өтетін жарыстарға жиі барамыз. Жастау кезімізде эмоцияға беріліп, «Төреші бермеді, төрелік әділ емес» деп кейбір жекпе-жектерге қатысты жан ұшыра айтатын едік. Сол кезде Мырзағали «Інім, сен әлі жассың. Дәл осылай жүйкеңді жұқарта берсең, сен ұзаққа бармайсың. Бермесе, бермеді, өзгерте алмайсың. Бүгін болмаса, ертең ұтасың» деп басу айтатын. Біз барсақ бірінші Мырзағали ағаға телефон соғамыз», - деді Тулкин Киличев.

Париж Олимпиадасында Өзбекстан құрамасын жаттықтыратын Тулкин Киличев шәкірттері 5 алтын медаль иеленді. Олар 52, 57, 71, 92, +92 келіде қарсылас шақ келтірмей, Франция астанасындағы ойындарда рекорд орнатқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам