Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Нұрбек Оралбайдың жеке бапкері ұлттық құрамаға аға жаттықтырушы болып тағайындалды

20.09.2024, 16:29

Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды

Нұрбек Оралбайдың жеке бапкері ұлттық құрамаға аға жаттықтырушы болып тағайындалды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабының құрамы бекітілді. Аға бапкер қызметіне ағайынды Оралбайлардың жаттықтырушысы Асқар Еркебаев тағайындалды. Сондай-ақ жаттықтырушылар құрамында елге танылып қалған біраз мамандар бар.

Қазіргі таңда ұлттық құрамамен Қайрат Сәтжанов бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс істеп жатыр.

Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.

Қазіргі бапкерлік құрам төмендегідей:

Қайрат Сәтжанов – бас жаттықтырушы;

⁠Асқар Еркебаев – аға жаттықтырушы;

Жаттықтырушылар: Ілияс Оралбеков, Нұркен Андасов, Азамат Мақажанов, ⁠Талғатбек Жакпеков,⁠Нұржан Насанов.

Cондай-ақ қазір Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесіп жатыр.

«Айта кетерлігі, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсанда өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ. Оған қоса қазіргі уақытта бірқатар шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақын арада есімдері белгілі болады», - делінген бокс федерациясының хабарламасында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам