Жаңа подкаст! Қонақта Бекзат Алмахан және Нұраддин Садықов

Бокстан әлем чемпионаты өтетін қала анықталды. Қазақстан қатыса ма?

20.09.2024, 22:14

Жарыста ерлер мен әйелдер 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды

Бокстан әлем чемпионаты өтетін қала анықталды. Қазақстан қатыса ма?
ҰОК

Ливерпуль (Англия) 2025 жылы ерлер мен әйелдер арасында бокстан әлем чемпионы өтетін қала ретінде таңдалды.

2025 жылы 4-14 қыркүйек аралығында M&S Bank аренада өтетін біріншілік боксты олимпиадалық қозғалыс сапында алып қалу үшін құрылған World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастыратын алғашқы ірі турнир болмақ.

Жарыста ерлер мен әйелдер 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды және бұл ерлер мен әйелдердің бір іс-шарада сынға түсетін бірінші аламаны болады.

Салмақ дәрежелері 2024 жылы қарашада өтетін конгресс отырысынан соң нақтыланады.

Айта кетейік, World Boxing 2023 жылғы сәуірде құрылды. Ұйым Халықаралық  олимпиада комитетінің тарапынан мойындалуды мкқсат етіп отыр. Бірақ ол үшін ХОК пен ІВА  арасындағы дау шешімін табуы керек. 

Естеріңізде болса, 2023 жылғы маусымда ІВА-ны ХОК мойындамайтынын алға тартып, тіпті ұйымға мүше елдердің боксшыларын алдағы Олимпиадаға қатыстырмау туралы да бастама көтерілген. Қазақстан да әзірге осы ұйымның қатарында. ҰОК басшысы Геннадий Головкиннің өзі отандық федерацияға ІВА-ден шығуға кеңес берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам