Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Энтони Джошуа ауыр нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)

22.09.2024, 10:32

Ол бұған дейін IBF, WBA, WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған

Энтони Джошуа ауыр нокаутпен жеңілді (ВИДЕО)
Getty Images

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы британдық Даниэль Дюбуа отандасы Энтони Джошуаны нокатупен жеңді.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бесінші раундта аяқталды. Жекпе-жек басталған сәттен Джошуа шабуылдарымен Дюбуаны біраз тығырыққа тіреген болатын. Бесінші раундта да ол дәл соққыларын дарытып жатты. Алайда, осындай ашық айқастардың бірінде Дюбуа оны оң қолмен жағынан ұрып, сұлатып түсірді.

27 жастағы Даниэль Дюбуа 24 жекпе-жектің 22-де жеңіске жеткен және (21-і нокаутпен) бір рет жеңілген. Ол бұған дейін WBA чемпиондық белбеуінің иегері болған. Мұнан кейін IBF нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.

Ал, 34 жастағы Энтони Джошуа – Лондон Олимпиадасының чемпионы. Ол кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастаған. IBF, WBA, WBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Алайда, соңғы жылдары төрт жекпе-жекте жеңіліп, белбеулерінің бәрінен айрылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам