«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Бас бапкер Назым Қызайбайдың құрамаға қашан оралатынын айтты

22.09.2024, 20:15

«Мықтылар турнирінен» Назым тыс қалып отыр

Бас бапкер Назым Қызайбайдың құрамаға қашан оралатынын айтты
ҰОК

Әйелдер боксынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайдың командаға қашан оралатынын айтты.

23 қазанда Қарағандыда басталатын республикалық «Мықтылар турнирінен» Назым тыс қалып отыр. Оған Париждегі жетістігінен кейін екі айға жуық демалыс берілген.

"Назым Қызайбай бұл турнирге қатыспайды. Ол ұлттық құрамамен бірге жаттығуға 6 қазан күні қосылады. Парижден келгеннен кейін қысқа мерзімге демалыс алған болатын", - деді Елдос Сайдалин Қазақпаратқа берген сұхбатында.

Қарағандыда өтетін айтулы турнир әйелдер құрамасы үшін Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы ірі жарыс болмақ. Бұл сында 12 салмақ дәрежесінде үздік атанған боксшылар қараша айының соңында  Иорданияда өтетін Азия чемпионатына барады деп күтіліп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам