Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Біз үшін ең төменгі көрсеткіш»: Мырзағали Айтжанов Азия ойындарындағы сәтсіздіктерге пікір білдірді

08.10.2023, 12:14

Боксшылар қолынан келгенін жасады дейді ол

«Біз үшін ең төменгі көрсеткіш»: Мырзағали Айтжанов Азия ойындарындағы сәтсіздіктерге пікір білдірді
olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсеткен Қазақстан бокс құрамасы елге оралды. Команданың бас бапкері Qaz365.kz порталына берген сұхбатында бұл жарыста боксшыларымыз өте төмен нәтиже көрсеткенін жасырмай айтты.

«Азия ойындарында жоғары мақсат қойған едік. Бірақ кейбір жағдайларға байланысты жете алмадық. Оны тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем көрді ғой. Жігіттеріміз жақсы дайындықпен барды. Ешқайсысы аянып қалған жоқ. Ел үшін рингте қолдарынан келгенін жасады. Алайда басымдық бізде болса да, жеңіс қарсыластың еншісінде кеткен жағдайлар бар. Оған да еңсемізді түсірмей,басқа жігіттерді шығарып, соңына дейін тырыстық. Дегенмен нәтиже осындай болды. Бір күміс, екі қола медаль – біз үшін ең төменгі көрсеткіш. Олимпиадаға кемі төрт жолдама аламыз деп барғанбыз», - дейді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, бокстан ерлер құрамасы 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Күміс – Қамшыбек Қоңқабаевқа тиесілі. Қола медальдың біреуін Шымбергеновтен бөлек, 92 келідегі Сағындық Тоғамбай еншіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам