Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

«Украинамен бірлескен жиын өтеді»: Бокстан ұлттық құраманың алдағы жоспары айтылды

24.09.2024, 16:53

Олимпиададан кейін боксшылардың барлығы демалыс алған

«Украинамен бірлескен жиын өтеді»: Бокстан ұлттық құраманың алдағы жоспары айтылды
ҰОК

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев команданың алдағы жоспарларын айтты.

Ұлттық құрама боксшылары алдымен Шымкенттегі халықаралық турнирде, содан соң Азия біріншілігінде бақ сынайды.

«Шымкенттегі турнирде Амманда (Иордания) өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды іріктейміз. Сондай-ақ, бұл бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келеді. Түркия және Египет құрамаларымен де келіссіөздер жүріп жатыр. Украина сапынан Александр Хижняк қана келе алмайды. Қалған бірінші нөмірлі боксшылар түгел қатысады. Турнирге шетелден төрешілер шақырып жатырмыз. Бұл жарыс деңгейінің биіктеп, турнирдің ашық өтуіне жасалған қадам. Төрелік әділ болған жерде, бәсекелестік те биіктейді.

Тағы айта кететін бір жайт бар. Азия біріншілігіне дейін халықаралық жарыстар күнтізбесінде қандай да бір ірі дода жоқ. Олимпиададан кейін барлығы демалыс алған. Боксшыларымызды бабында ұстап, олардың әлеуетін тағы бір сынап көру үшін еліміздегі турнир статусын көтеріп жатқан жайымыз бар», - деді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам