Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Президент сыйлаған көлік: өзбек боксшысы жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл арқалады

24.09.2024, 21:28

Айыппұлдың сомасы белгісіз

Президент сыйлаған көлік: өзбек боксшысы жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл арқалады
Instagram

Ташкентте бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев әлеуметтік желідегі парақшасында Өзбекстан президенті сыйға тартқан Chevrolet Tahoe көлігімен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан видеосын жариялады. 

Бұл жайт желі қолданушылар арасында кеңінен талқыға түскен соң, боксшы видеоны өшіріп тастады. Дегенмен, жылдамдықты шектен тыс асырған Асадхужаға Ташкент қалалық ІІББ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы айыппұл салған. 

«Әлеуметтік желіде Tahoe көлігінің жүргізушісінің жоғары жылдамдықпен (110 км/сағ) келе жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, Ташкент қаласы IIББ қызметкерлері 2001 жылы туған жүргізуші М.А.-ға қатысты Өзбекстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық іс-шара жүргізді», – делінген хабарламада.

Боксшы қанша сум айыппұл төлейтіні әзірге айтылмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам