Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

UFC-дегі алғашқы қазақстандық бойжеткен бокс турнирінде бағын сынайды

26.09.2024, 12:48

Бұл Агапованың кәсіпқой бокстағы дебюті болмақ

UFC-дегі алғашқы қазақстандық бойжеткен бокс турнирінде бағын сынайды
Josh Hedges/Getty Images

UFC-дің бұрынғы өкілі қазақстандық Мария Агапованың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетін күні белгіленді. Ол 27 қыркүйек күні бокстан Атлантада (АҚШ) өтетін турнирде өнер көрсетеді.

Жерлесіміздің қарсыласы – неміс Николь Шефер (3-0, 1КО). Бұл Агапованың кәсіпқой бокстағы дебюті болмақ, әйтпесе Мария негізі спорттағы карьерасын бокстан бастаған.
Бұл күні турнирдің басты айқасында Алисия Баумгарднер (15-1) Делфин Персоонмен жұдырықтасып, WBC атағын қорғайды. 

Естеріңізде болса, Денверде (АҚШ) өткен UFC on ESPN 59 турнирінде Агапова бірінші раундта бразилиялық Луана Сантоске (8-1) есе жіберген. Осылайша, ол UFC-дегі карьерасын 2-4 рекордымен аяқтады. Себебі Сантоспен жекпе-жек промоушендегі келісімшарт бойынша соңғысы еді.

Промоушендегі алты кездесуінің екеуінде Агапова америкалық Ханна Сайферс пен колумбиялық Сабина Мазоны жеңген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам