Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

«Президент сыйлығы»: Өзбекстандық олимпиада чемпионына іздеу салынды

26.09.2024, 09:33

Спортшы жол ережесін бұзғаны үшін жазаланады

«Президент сыйлығы»: Өзбекстандық олимпиада чемпионына іздеу салынды
Instagram/ asadxoja.moydinxojayev

Париж олимпиасының чемпионы, өзбекстандық боксшы Асадхужа Муйдинхужаев көлік жүргізу барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Gazeta.uz мәліметінше, өзбекстандық боксшы Ташкенттің орталық көшелерінің бірінде «Президент сыйлығы» деген жазуы бар Chevrolet Tahoe маркалы көлігімен жүріп бара жатқан. Жарияланған кадрлардан Асадхужаның қалалық аймақта шектен тыс жылдамдықпен қозғалып келе жатқанын байқауға болады. Соңғы жылдамдық көрсеткіші видеода сағатына 110 километрді көрсеткен.

Өзбекстанның жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, елді мекендерде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық сағатына 60 километрді құрайды. Сондай-ақ, дереккөздің хабарлауынша, құқық қорғау органдары спортшыға қатысты тексеріс бастаған.

«Заң барлығына ортақ, әрбір қылмыс үшін жауапкершілік қарастырылған. Жақын арада көлік табылып, шаралар қолданылады және бұл туралы біздің ресми арналарымыз арқылы көпшілікке хабарлаймыз», - деді УБДД ГУВД хатшысы Кахрамон Худойберганов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам