Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Қазақстан боксшылары Шымкент турнирінде бақ сынайды

29.09.2024, 13:06

Еліміздің барлық облысы мен бірнеше елден 150 боксшы қатысады

Қазақстан боксшылары Шымкент турнирінде бақ сынайды
Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған ерлер арасында халықаралық турнир басталады.

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтетін дәстүрлі турнирге еліміздің барлық облысы мен бірнеше елден 150 боксшы қатысады.

43-ші рет өтетін беделді бәсекенің Қазақстан боксшылары үшін қараша айының соңында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болғалы отыр.

Сондай-ақ, ұлттық құрамаға екінші рет бас бапкер болып тағайындалған Қайрат Сәтжановтың алғашқы жарысы болмақ.

Айта кететін жайт, бұл сынға дейін Қазақстан құрамасының боксшылары Шымкентте оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов сынды боксшылар бар. Ал Асланбек Шымбергенов денсаулығына байланысты аталған сыннан тыс қалып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам