Qazaq Style X әлеуметтік желісінің (Twitter) белсенді қолданушысы
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлеуметтік желіде жазба жариялап, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы доминикандық Карлос Адаместі (24-1, 18 КО) қайта жекпе-жекке шақырды.
Бұған дейін де қос боксшы рингте айқаспаса да Twitter желісінде бірін-бірі «жұлып жеген» болатын.
«Менің Аустралиядағы жекпе-жекте қанша сыйақы алатынымды бәрі біледі. Маған ақша маңызды емес! Маған атақ маңызды! Бокс – бұл бизнес емес. Бұл – спорт. Чемпион чемпионмен төбелесуі керек!
Карлос, мен 4 қазан күні Аустралияда жұдырықтасамын. Сенен келісімшарт күтемін. Қаңтар немесе ақпанда айқас ұйымдастырайық. Келісімшартты жібер», - деп жазды Әлімханұлы.
Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Ол 4 қазан күні жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) кездесу өткізеді. Айқас Сиднейде (Аустралия) өтеді.