Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қолымнан келмейді деп кім айтты». Әлімханұлы мәлімдеме жасады

03.10.2024, 13:30

Қазақ боксшысы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

«Қолымнан келмейді деп кім айтты». Әлімханұлы мәлімдеме жасады
instagram.com/janibek_alimkhanuly/

4 қазан күні Сиднейде (Австралия) жекпе-жек өткізетін Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) салмақ өлшеу рәсімінен соң мәлімде жасады.

«Салмақты жасай алмайды деп кім айтты? 168 фунтқа көтерілуім керек деп кім айтты? Қолымнан ештеңе келмейді деп кім айтты? Жігіттер, мен ертең 168 фунтта бокстасамын. Менің екі чемпиондық титулым бар. Аллаға шүкір», - деп жазды Жәнібек.

Өздеріңіз білетіндей, «Қазақ стилі» The Star аренада жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездеседі. Негізі бұл айқас 14 шілде күні Лас-Вегаста өтуі тиіс болатын. Алайда жерлесіміз салмақ өлшеу рәсімінде есінен танып құлап, ауруханадан бір-ақ шықты. Михайловичтің командасы Әлімханұлын кәсібилігі төмен деп айыптап, оны IBF атағынан айыруды сұрады. 

Айта кетейік, Әлімханұлы – Михайлович жекпе-жегін Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сонымен қатар ESPN+ платформасында көрсетіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам