Бірақ, бұл ақпараттың нақты еместігін де тұспалдады
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкиннің дәл қазір қайда және не істеп жүргенін мүлдем білмейтінін, бірақ үлкен спорттан біржола кеткен болуы мүмкін екенін айтты.
Еске салайық, 41 жастағы Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте өткізген болатын. Ол кезде GGG мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілген.
«Менің ойымша, Гловкин үшін бокс жолы осымен аяқталды. Егер расымен солай болса, онда мен оны құттықтаймын, ол өте үлкен ақшамен кетіп жатыр. Бірақ, нақты білмеймін, алда не боларын көрерміз», - деді ол Izquierdazo басылымына берген сұхбатында.