Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қайта оралдым»: Назым Қызайбай Олимпиададан кейінгі жаттығуын бастады

04.10.2024, 01:16

Ол әуесқой боксты жалғастыратынын бұған дейін мәлімлеген еді

«Қайта оралдым»: Назым Қызайбай Олимпиададан кейінгі жаттығуын бастады
instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай екі айлық үзілістен кейін жаттығу залына оралды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде хабарлады.

Франция астанасында өткен жазғы ойындарда 50 келіде қола жүлдегер атанған Назымға бапкерлер қазан айына дейін демалыс берген болатын.

«Мен жаттығуды бастадым. Ақырындап бабыма келіп жатырмын. Жаттығудан соң үйге қайтамын. Жаңа жаттығу залы қатты ұнады», - деді Назым Қызайбай.

Боксшы Парижден жүлделі оралған соң Президент қабылдауында болды. Сонымен қатар, оған Алматы қаласы мен Алматы облысының орталығынан баспана берілді. Бұдан бөлек, спортшыға үш автокөлік сыйға тартылып, боксшы олардың екеуін сатуды жоспарлап отырғанын айтты.

Назым Қызайбай – еліміздің әйелдер құрамасының ең нәтижелі боксшыларының бірі. Ол 48 келіде 2014-2016 жылдары әлем чемпионы атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам