Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атақтарына қатысты мәселеге нүкте қойды

Бүгін, 15:04

Қазақстандық боксшы ресми түрде екі бірдей атағын қорғайтынын мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атақтарына қатысты мәселеге нүкте қойды
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) өзінің сарапқа салынатын атақтарына қатысты мәселеге нүкте қойды.

Боксшы қазір жекпе-жегі өтетін Сиднейдегі The Star аренаға барғанын алға тартты. Ол мұнда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) жекпе-жекке шығады.

Қазақстандық боксшы ресми түрде екі бірдей атағын қорғайтынын мәлімдеді. Бұған дейін бұл айқаста тек ІВҒ белбеуі сарапқа салынатыны, Жәнібектің WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағынан айырылғаны туралы хабарланған. Дегенмен Жәнібек уайымдауға еш себеп жоқ екенін растады.

Әлімханұлының промоутерлік компаниясы Top Rank: «Орындамыз. Жәнібектің аяқталмай қалған шаруалары бар», - деп жазды.

Ал Жәнібектің әлеуметтік желідегі парақшасында былай делінген: «Аренадамыз! Бұйыртса, екі чемпиондық титулды қорғаймыз. Әлемге қазақ стиліне көрсетеміз».

Жерлесіміз шаршы алаңға шамамен 16:00-де шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам