Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қайрат Сәтжанов Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталғанын айтты

04.10.2024, 15:40

Шымкенттегі турнир мәресіне жетіп қалды

Қайрат Сәтжанов Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталғанын айтты
Видеодан кадр

Бокстан Шымкентте аяқталған Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған турнирден кейін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов боксшылар туралы пікір білдірді.

Ол финалдық сында кездесуден бас тартқан Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосыновтан бөлек басқа салмақтар бойынша боксшылардың жобасы белгілі болғанын айтады.

"Жарыс көңілден шықты. Өте тартысты жекпе-жектер өтті. Салмақтар бойынша боксшыларды анықтап алдық. Кейбір салмақта 2-3 боксшы жарақат алып, рингке шыға алмады. 18 қазанда Алматыда дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтеді. Одан кейін арнайы дайындық болып, қарашаның соңына таман Азия біріншілігіне аттанамыз. Жарыста өнер көрсеткен боксшыларға ризамын", - деді Қайрат Сәтжанов.

29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Шымкентте өткен халықаралық турнирге ұлттық құрама боксшылары тегіс қатысқан болатын. Бұл сынға Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов және Қамшыбек Қоңқабаев қатысқан жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам