Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Тілі ұзын Михайловичті соңына дейін әдейі қинап, нокаутқа түсірдім – Жәнібек Әлімханұлы

04.10.2024, 20:50

QAZAQ STYLE Михайлович соққысы аса жойқын емес екенін, аса сезбегенін айтты

Тілі ұзын Михайловичті соңына дейін әдейі қинап, нокаутқа түсірдім – Жәнібек Әлімханұлы
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бүгін, 4 қазанда орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) жеңді. Жекпе-жектен кейін отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірмей, уақытты созуына не себеп болғанын айтты.

«Нокаутқа ерте түсірмеуімнің өз себебі бар. Барлығын ерте сездім, соққы өткізіп көрдім.Баспасөз конференциясында ол көп сөйледі. Негізі 6-7 раундта құлатамын деп едім. Оған сол сөздері үшін әдейі созып, қинағым келдім. Күші таусылып, әбден ит сілікпесі шығып, біткен кезде іске кірістім. Осылайша, тоғызыншы раундта нокаутқа түсірдім», - дейді Жәнібек Әлімханұлы.

QAZAQ STYLE Михайлович соққысы аса жойқын емес екенін, аса сезбегенін айтты. Жаңа Зеландия боксшысы нокдауннан кейін екінші раундта тактикасын өзгерткен.

«Нокдауннан кейін баспен ішке кіре берді. Мен жақындасам төрешілер ескерту жасап, қарсыласқа болыса береді. Өйткені жекпе-жек соның елінде өтіп жатыр. Екінші раундтан кейін әдейі создым. Ал сегізінші раундтан кейін ұрып құлатуды ойладым. Батырлар оянады ғой, бізде де солай болды», - дейді боксшы.

Айта кетейік, бүгін Жәнібек Әлімханұлы Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте Андрей Михайловичті әр раунд сайын ауыр соққыларын дарытып, ақыры 9-раундта сұлатып салды. 

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады, ал Андрей Михайлович өз мансабында алғашқы жеңілісіне ұшырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам