Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Әлімханұлын «лақтырып» кетті: Адамес басқа қазақ боксшысын таңдады

07.10.2024, 19:49

Болашақта Жәнібек Әлімханұлы мен Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жек өткізуі де ықтимал

Әлімханұлын «лақтырып» кетті: Адамес басқа қазақ боксшысын таңдады
Fightnews.info

BatmanBoxing Twitter-парақшасы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқас өткізетінін мәлімдеді.

«Сыбыстар бойынша: Карлос Адамес (24-1, 18 КО) орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қазақ Мейірім Нұрсұлтановқа (20-0, 11 КО) қарсы жекпе-жекте қорғайды», — делінген аталған мәліметте.

Бұл салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтары қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Ол аталған титулдарын 4 қазан күні Жәнібек Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы айқаста қорғады.

Естеріңізде болса, Әлімханұлы бұған дейін Адаместі бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. Алайда, доминикалық боксшы Жәнібекті мазақ етіп, жекпе-жекке қатысты нақты жауабын берген жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам