Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Боксшы-математик Эбани Бриджис жеңіліп, чемпиондық титулынан айрылып қалды

10.12.2023, 13:49

Жапон боксшысы он раунд бойы қарсыласынан басым түскен

Боксшы-математик Эбани Бриджис жеңіліп, чемпиондық титулынан айрылып қалды
DAZN

Кәсіпқой бокс әлеміндегі ең сұлу боксшы қыздардың бірі саналатын аустралиялық Эбани Бриджис жапон Мийо Йошидадан жеңіліп қалды. Осылайша ол өзінің IBF чемпиондық титулынан айрылып отыр.

Жекпе-жек тартысты өтті деп айта алмайсың, өйткені он раунд бойы жапон боксшысы қарсыласын бас көтерткен жоқ. Алғашқы раундтарда Бриджес қарсылық көрсете алғанымен, жетінші раундтан кейін ол құлап қалмаудың амалын жасады. Нәтижесінде төрешілер 99-91, 99-91, 97-93 есебімен жеңісті Йошидоға берді.

Бокс мамандары Эбани Бриджестің салмақты көп қуып, әлсіреп қалғанын айтып отыр. Ол енді чемпиондық титулын қайтару үшін рингке қайта шыға ма, жоқ па – ол жағы белгісіз. Өйткені, Эбани 37 жаста.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам