Нокаутсыз жеңіс: Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды

10.12.2023, 21:56

Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді

Нокаутсыз жеңіс: Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды
Фото: Данияр Асылбек

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров (28-0, 20 KO) Алматыда өткен бокс кешінде жапон Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, екінші чемпиондық белбеуді иеленді.

Букмекерлер 12 раундқа жоспарланған жекте-жекте Тұраров 38 жастағы қарсыласын нокаутпен жеңеді деген болжам жасаған болатын. Алайда, жапон боксшысы кездесудің соңына дейін шыдап, айтарлықтай қарсылық таныта білді. Нәтижесінде 118:110, 120:108, 118:110 есебімен Жанқош Тұраров жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшыда өзіне тиесілі IBO белбеуінен бөлек енді WBA Gold белбеуі де тиесілі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?