Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Лос-Анджелес Олимпиадасына бокстан барамын»: Нұрбек Оралбай Елдос Сметовке ұру әдістерін үйретті (ВИДЕО)

16.10.2024, 22:22

Оның соққылары кәсіби боксшының соққыларынан кем емес дейді желі қолданушылары

«Лос-Анджелес Олимпиадасына бокстан барамын»: Нұрбек Оралбай Елдос Сметовке ұру әдістерін үйретті (ВИДЕО)
olympic.kz

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдан бокс соққыларын ұруды үйреніп жүр. Даңқты спортшылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Аталған видеоролик әзіл мақсатында түсірілгені анық. Десе де, желі қолданушылары Елдостың боксқа икемі бар екенін жазуда.

«Келесі Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді. Мен бокстан шығайын деп жатырмын», - деп әзілдейді Сметов дайындығының алдында. Артынша ол Нұрбектің қолына бірнеше соққы жасайды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында 60 келіде белдескен Елдос Сметов – Қазақстан қоржынына түскен жалғыз алтын медальдің иесі. Ол жарыс жолында әлемнің ең үздік балуандарын жеңді.

Нұрбек Оралбай болса финалға дейін сүрінбей жетіп, ақтық сынды украин боксшысына есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам