Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Владимир Кличко бокстың Олимпиададағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:01

2028 жылғы Олимпиада ойындарынан бокс алынып тасталуы мүмкін

Владимир Кличко бокстың Олимпиададағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады
GLOBAL LOOK PRESS

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта Әлемнің экс-чемпионы украиналық Владимир Кличко боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу үшін барлық күшті жұмылдыруға шақырды.

Кличко олимпиадалық бокстың болашағы үшін жұмыс істеп жатқан World Boxing ұйымы мен оның президенті Борис ван дер Ворстты қолдап видеоүндеу жариялады. 

«Бокс – Олимпиада бағдарламасында ең әдемі әрі байырғы спорт түрлерінің бірі. 1996 жылғы Олимпиада чемпионы ретінде бокс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада қалуы керек деп мәлімдеймін», — деді Владимир Кличко.

Айта кетейік, қазір бокстың Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалуына қауіп төніп тұр. Себебі ХОК Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) мүшелігінен шығарып тастады. Париждегі ойындарда бокс ХОК-тің қарамағында өткенімен, аталған ұйым келесі аламанда турнирді ұйымдастырумен айналыспайтынын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам